Әр таңымның атысымен сені ойлаймын,
Бақытты болған күндерді мен армандаймын.
Еріндеріңді қып-қызыл жаным сағындым,
Құшағымдағы деміңді қатты сағындым.
Қайырмасы:
Сені қалай сүйгенімді
Жаным, ұмытпа.
Мені қалай сүйгеніңді
Жаным, ұмытпа.
Бақытымыз аппақ қардай күнге еріді,
Жүрегіміз жараланып мәңгі бөлінді.
Енді мені «Бапаська» деп айтшы кім атайды?
Енді сені «Ботақан» деп айтшы кім атайды?
Еріксіз егіледі тіпті ер кісі,
Біреу үшін қызғаныш - махаббат белгісі.
Ерекше емеспін менде қызғанамын,
Біреудің қолында қурап жатыр қызғалдағым.
Ұмытсаңда берген сертіңді,
Жүрегіңде сақта келбетімді.
Үміт отын сөндірді жүректің көзжасы,
Сені ұмытып сүюім керек басқасын.