ШYNGYS
Текст

Мен өлгенде

ШYNGYS

Мен өлгенде жыламаңдар ешбірің,
Жүргейсіңдер естеріңе алып әрбірің.
Өлімменен жеңе аламын ба жан мұңын?
Болар бәлкім түсінбеймін өмір құнын.
Қараңғылық болды мен үшін қарапайым,
Күнді қайтем батқан болса толған айым?!
Шамдар сөнген Даңғылында Абайымның,
Дәл осы сәт айнасы ғой жан жәйіның.
Күрсінемін тұрса да тәнім ән салып,
Көз жасыма тұншықтым-ау мен қақалып.
Ұмытпаңдар жүрегімді сүйген ессіз,
Күлгенімді көздеріммен үмітімсіз.
 
Қайырмасы:
Ұмытпаңдар жүрегімді сүйген ессіз,
Күлгенімді көздеріммен үмітімсіз.
Жүрегімнің көз жасы ақты тамшылап...
 
Мен өлгенде жылайды менің анашым,
Қайбір ана өлімге қисын баласын?!
Өмірдің құнын білмеймін ақымақ болғасын,
Жүрегім темірге айналды ма? әлде қорғасын?
Менің пікірлеріме сеніңде бар таласың,
Өмірді көрмей өлімнің айтасың мәнісін.
Жердегі жұмақты іздеймін Асан қайғыдай,
Қорқып өлімнен қашпаймын Қорқыт Атадай.
Мәңгілік өмірімнің кепілдігі - өнерім,
Бөлшектері жүрегімнің әрбір өлеңім.
Мен өлгенде қазағымның барлық үйінде,
Болады менің ізім кем дегенде плеерде.
Мен өлгенде орындашы тілегімді,
Құлпытасқа қойшы бақытты суретімді.
Соңғы рет қабіріме тастаңдар топырақ,
Шыңғыс сендерге құлпытастан күліп тұрад.