Аспанда тағы да күнім шықса да жарқырап,
Жүрегімнің көзжасы ағады әлі сарқырап.
Бақытым алыста, кетті маған қол бұлғап,
Пайда жоқ отыра бергеннен көз жасын бұлап.
Киіктей болдым аңшы садағынан тұралап,
Жолымда жығылдым бақытымды қуалап.
Енді бәрін түсіндім, қателік жасадым,
Аңдамай өз басымнан жоғары аттадым.
Айтшы маған жүрегім неге оны таңдадың?
Сезімнің қалауымен өміріме айналдың.
Махаббатыңмен өне бойды қармадың,
Кетуіңмен бүкіл ғұмырымды уладың.
Ботақан, әлемімнің жарығы сен едің,
Сен кеткен соң әлемім де мен де түнердім.
Ботақаным, шын махаббатты көрсеттің,
Қараңғы түнек жүрекке сүюді үйреттің.
Қайырмасы:
Келші жаныма келші сен,
Өшірмеші жүрегіңнен.
Сені мәңгі сүйіп өтем!
Сенсіз келмейді ғой көктем!
Құмырадығы гүлім қурады қарайып,
Жүрегімдегі жара ұлғайды зорайып.
Айтыңдаршы өмірде бар ма екен Жерұйық?
Уақыт тоқтап қалды миым қалғандай ұйып.
Тиіспеңдер маған, қалдырыңдар жалғыз!
Мені шаршатты бұл бітпейтін арпалыс.
Неге екі жүрек болды бір-біріне алыс?
Қырсықпын сондықтан арқаладым қарғыс.
Үмітімнің қара гүлін суғарам жасыммен,
Жауаптымын әр тамшыға аққан көзіңнен.
Кешірші мені... сөз берем өзгерем,
Қажеті қанша? Мен сен үшін өлгем.
Өмірімнің мәні едің, жаным қайдасың?
Қасымда жоқсың қалды тек қағазым.
Сен мен ұмыттың, мен өлең жазамын,
Жек көремін... түнін... Алматының...
Барамын жаным сенің налаңды арқалап,
Қасымда басқа болса да жүрем сені ойлап.
Менің жағдайым жақсы, бәрі ақырындап,
Жөнделуде... кейде естеліктер қинап.
Ұмыта алмасыпан жаным кербез келбетіңді,
Ал сен ше? Ұмыттың ба бет-әлпетімді?
Сенімен жүрегім бесіктей тербетілді,
Қазір жүрек өліп қара жерге көмілді.
Жебеңді сен қададың менің жүрегіме,
Жүректі жараладың еніп өміріме.
Барынша бағаладым, өзіңді аяладым,
Бірақ саған аз болды менің жасағаным.