Парағымнан жаныма іздеймін жұбаныш,
Қайда кетті менің көңілімдегі қуаныш?
Ендi ешқашан өзгермейді болған іс,
Жаным менің арқалады қаншама қарғыс.
Еске алып қарасам өзімнің өткеніме,
Еріксіз жас толады менің көздеріме.
Шерімді тарқатамын досым каламыма,
Амал қанша көнемін тағдырдың салғанына.
Терезеден қараймын құлазыған көшеге,
Өне бойым қауышып тылсым бір сезімге.
Күйініш барады жанымды жандырып,
Осылай баурады мені жалғыздық.
Қайырмасы:
Жанымды менің баурады жалғыздық
Жанымды менің баурады жалғыздық
Жалгыздык жанды бауламашы
Жүрегімді қинауды күнімді қинамашы
Көздерім үміттене қарайды бөлінбей
Жаулап алдын құдайым-ау тәнірімдей
Жүрегім кешірші, мені кешірші,
Бірақта жанымды менің түсінші.
Өтінемін менімен бірге күрсінші,
Үмітім ешқашан ешқашан сөнбеші.
Сәтсіздік қара бұлттай басыма төнбеші,
Көңілім биікте бол ешқашан өкінбеші.
Ар-ожданым берілме тағдырға көнбеші,
Сенімім қателеспе, сүрінбеші.
Қаламымды серік қылып отырмын бөлмеде,
Талай-талай шумақтар өлді жүрегімде.
Күйініш жанымды барады жандырып,
Осылай өн-бойымды биледі жалғыздық.
Қайырмасы:
Күйініш жанымды барады жандырып,
Осылай бойымды биледі жалғыздық.
Жалгыздык жанды бауламашы
Жүрегімді қинауды күнімді қинамашы
Көздерім үміттене қарайды бөлінбей
Жаулап алдын құдайым-ау тәнірімдей