ШYNGYS
Текст

Түнгі қала

ШYNGYS

Таңғы бес, отырмын тағы ұйқы жоқ,
Таза вискиді ішіп себебі кола жоқ.
Таусылып қалды, дүкенге баруға ерінем,
Іше берем қосып апельсин шырынымен.
Бүгін тағы ол қоңырау шалды маған,
Бірақ неге қуанбаймын оның даусынан?
Менің бақытым маған қасірет әкелді,
Альпинисттеймін ала алмай жатқан бір өткелді.
Батыр емеспін бірақ жеңілістен қорықпаймын,
«бәрі менде керемет!» деп өзімді алдаймын.
Бірақ түнде пәтеріме қайта оралғанда,
Қорқып кетемін жұбанышым мысығым болған ба?
Аяғыма оратылып,
Қарның ашты ма? Берейін тамағыңды салып!
Міне газға қойылған суымда қайнады,
Көк шәйімді демдеп ашамын ғаламторды.
 
Қайырмасы:
Түнгі қала мені
Қайта мұңға бөледі.
Екі тағдыр, бір өмір,
Бір махаббат, бір Тәңір.
 
Аллергия. Мұрным бітеліп,
Құтқарады мені Нафозалинге тәуелділік.
Ертеңгі күнім маған жұмбақ,
Ұйқымды қашырды қорқыныштарым мазалап.
Қазбалап өткен шағымды жауап таппадым,
Сезіп тұрмын қарнымның ашқанын.
Асықпай барып жарығын жақтым асхананың,
Картобымды майға қуырамын.
Дұрыс па ақ жалау көтергенім?
Көрмей тұрып ғұмырымның барлық өткелдерін.
Қарап отырсам төрт ай өтті,
Жазғаныма осы әннің бірінші куплетін.
Иә, мысығым енді жоқ менде,
Коммуналдық қызмет үшін екі айға төлеу керек.
Екіжүзді болған да өнер,
Тірі өлік қалайша екінші рет өлер?!
Өлең жазу – Шыңғыстың жүрегіне біткен дерт,
Жан-дүнием жалынсыз-ақ өртенед.
Қабыл ет, Құдайым, тілектерімді,
Күмәнім бар, алайда ол саған сенді...