Құдай біреуге берсе біреуден алады,
Әрқашанда күрескен ғана жығылады.
Ал мен болсам жарақатымды жасырып,
Жымиямын өмір сүруге асығып.
Мәңгілік жаспын өз өзіме қаспын,
Еріндерің тәтті, қара ұзын шашың.
«Сүйем» десем сенбе себебі мен маспын,
Тәнімді ал бірақта жүректі сыйламаспын.
Шекара жоқ! Көз алдымда бүкіл әлем,
Мұңымның бөлшегін мен сендерге берем!
Уақыт - менің жауым, көкірегімде дауыл,
Дұшпандар қамалыма басып кірді қағып дабыл.
Жалын шарпып бүкіл әлемім өртенуде,
Қожайынсыз қалған тағымды қалдырам кімге?
Сәлем, жаңа өмір! Виват, еркіндік!
Жалғыз арыстан шибөрілерден жеңілді...
Қайырмасы:
Жазалап өзімді тіпті,
Қамаймын еркіндікті.
Көрінбейтін қанаттарымды жайып... өртеймін...
Қаталдығынан жазаның,
Бәрімен қоштасамын.
Көрінбейтін қанаттарымды жайып... өртеймін...
Жарықтан қашып тығыламын түнекте,
Махаббат бар бірақта соңында көп нүкте.
Сүйіктім, мен үшін жасыңды төкпе,
Менің аурам ем ауру кеңістікке.
Мұңайма, мен де күлемін, келістік пе?
«Зат есім» болмай айналайық «етістікке».
Қозғалыс - өмірдің мәні деп естігем,
Сұлуым қозғалайық бірге төсекте.
Ренжіме перішенің рөлі маған қиын,
Вискиге тәуелді көңіл-күйім.
Жанарыңа қарап сұрадым соңғы мүмкіндікті,
Ернімнен сүйдің ал мен қаладым еркіндікті.
Соңғы суретіңді жоюға дәтім бармайды,
Үміт, құрғыр, әрдайым жүрегімді алдайды.
Көрінбейтін қанаттарымды жайып,
Төменге секіріп түнекте боламын ғайып.