ШYNGYS
Текст

Қасірет

ШYNGYS

Шаршатты ма сендерді менің мұңды әндерім?
Мәңгілік меланхолик, (мүлдем) бөлек әлемім.
Жымисада жүзім, суық екі көзім,
Құшағымда әрдайым сенің мұңды елесің.
Білесің бе менің мойнымда бір парыз ғана,
Жақсы ана табу болашақ ұлдарыма.
Шынайы сүйші мені, сүйемін сонда ғана,
Мәпелеп сені айналам нәзік қамалыңа.
Өзімшілмін айта беремін өзім жайлы,
Тыңдарман күтеді менен әнді өмір жайлы.
Мақсат емес мен үшін жинау арзан ұпайды,
Шыңғыс - тек жүрегіндегісін толғайды.
Миллион тұрғыны бар үлкен қалада,
Әрбір екінші жалғыздықтан тұншығуда.
Өз қолымен салдым өз мойыныма арқан,
Айыптымын, өкінішітің азабын тартам.
 
Қайырмасы:
Махаббат неге қасірет
Әрқашанда әкеледі?
Сорлы жаралы жүрек
Жатыр бақытын тілеп.
 
Сырласам тыңдарманмен дауысым қарлығып,
Микрофон – медиум, тірі тек қана шабыт.
Алматының күлі менің аяқ астымда,
Жүрегім күйіп әле сөнбеген шоқтарына.
Жанымның жұмағы қалды стақан түбінде
Дәтім бармайды оны түбіне дейін ішуге.
Жібергім келеді жүрекке әмір жүрмейді,
Жібердім деп жырласамда естелік өлмейді.
Кешір Әке, Шыңғыс армандаған ұл емес,
Сөге бермеші, бәрібір болмысым өзгермес.
Өмірімнің мәні шимайланған ақ парақтар,
Тыңдарманның құрметі, шыңғырған арулар.
Анашым, ренжіме, балаң жол жүруге тиіс,
Қара шаңырақ маған ешқашан болмаған пейіш.
Ата-анам, жалғыз бауырым, сау болыңдар,
Менің кетуім керек, күтіп жатыр қалалар.