Неге үйім қап-қараңғы, жүрек жалғыз?
Иығыма менің жабысқан нендей қарғыс?
Шамы жанып бағаналар отыз қарыс
Көрінеді тереземнен бірақ алыс.
Неге үйім қап-қараңғы, жүрек қорқақ?
Жылы үйде неге болдым мұнша тоңғақ?
Көз жасымды бетімнен аққан домалап,
Болса да ащы отырмын жұтып ұрттап.
Неге үйім қап-қараңғы, жүрегім тас?
Қаусаған тәні қариядаймын болсамда жас.
Періште қалай болайын әлемде лас?
Өкінбеймін, күнәһармын бәріне қас.
Неге көгімді көк емес қара түс көмкерген?
Күннің орны қара нүкте. Оны кім сөндірген?
Рахмет жігіттер жақсылыққа сендірген,
Өздеріңнің көздеріңде нышан жоқ үміттен.
Қайырмасы:
Неге үйім қап-қараңғы, тас қараңғы?
Тереземде күзгі көше сол баяғы.
Шығыстан күн атып шығып жарқырады,
Менің күнім айтшы қашан атылады?
Неге үйім қап-қараңғы, жүрек жетім?
«Күрең күз» деп әлемімді менің күз қып кеттің.
Білемін сезімін жерге түскен жапырақтың,
Сарғайдым, ал сен суық жаңбыр себелеттің.
Неге үйім қап-қараңғы, жүрек зарлы?
Көкірегімде менің мәңгі аяз лаулайды.
Өтінемін айтпашы маған бақытың жайлы,
Себепкері сен егер келсе рухтың ажалы?!
Армандарым, мақсаттарым үшін діттеген,
Қарамаспын өлігіңнен сенің аттап кетем.
Ойлайсың ғой мұндай болып қайда жетем?!
Оны сұра бесіктен мені тербеткен.
Өлеңді жазады деп ойлайсың ба сиямен?
Әр сөзімді ызалана жазамын қанменен.
Бұл заманда намыс бағаланған ақшамен,
Жүрегімді мен ауыстырғанмын таспенен.
-