Ызалы жанары, жастары тамады,
Өмірмен қош айтысуға шатырға шығады.
Көп қабатты үй, самал жел ескен,
Оның ешкім білмейтін мұңы бар өзегін тескен.
Алаңсыз балалық шақ ол үшін таңсық,
Он жасынан өгей әкесінен көріп қастық.
Әр түн сайын келетін оның бөлмесіне,
Анасы мас боп жатқанда айрылып есінен.
Зарлаған жалынған сәбидің дауысын,
Естімес үшін алақанмен жабатын ауызын.
Іске асырып болған соң арам пиғылын,
Жымиып сүюші еді оның маңдайын.
Туған әкесін ешқашанда көрмеседе,
Армандайтын, оның келгенін үміттене.
Көзін жұмып елестетіп бақытты болғанын,
Туған әкесінің өгей әкесін жазалағанын.
Кезекті түн сықырлап ашылды есігі,
Үнсіз ғана ақырын шешеді белдігін.
Күнделікті тозағын көріп төсегінде,
Ешқашан, еркелемеген Назерке.
Қайырмасы:
Мына күннің шуағы
Жарық сыйламады.
Мына қатал тағдыр
Күйінішімен аймалады.
Жеті жыл өтті, жасы он жетіде,
Күйініштен, әуес болды есірткіге.
Өштеніп қоршаған суық әлеміне,
Төсектес болды көрінген жігіттермен.
Езуінде темекі ал қолында сыра,
Құрбыларымен бүгінде отыр аулада.
Мас болған соң бес-алты шөлмегіне,
Қоштасып қисалаңдап кетті үйіне.
Түнгі сағат бір, ол кірді пәтерге,
Өгей әкесі отыр екен ас бөлмеде.
Оның кіргенін байқап, басын шайқап,
«Неге кеш келесің?» деп ұрысты айқайлап.
Жұдырығын ала жүгіріп сабап тастады,
Мұрнының қанын сүртіп ол анасына қарады.
Анасы жанарын жасырып кетті бөлмесіне,
Жылуын ешқашан көрсетпей Назеркесіне.
Тағы бес жыл өтті келді жиырма екіге,
Есірткіні қойды бас тартпады темекіден.
Енді ғана шынайы бақытты сезінгендей,
Махаббатын тапты бірақ ол ештеңе білмейді.
Оның өткені жайлы, сүйеді, құшақтайды,
Алайда құпиясын Назерке жасыра алмайды.
Бәрін жайып салып егіліп иығында жылайды,
Бірақ жігіт жүрегі ақиқатты көтере алмайды.
Келесі күннен бастап жоғалады із-түссіз,
Назеркенің енді көкірегі жүрексіз.
Өмірдің ащысына әбден тойғаннан,
Көзінен жасы тамып секіреді шатырдан.
Аулада жатқан өлігін ақ матамен жауып,
Адамдар қызық көруде мұнда жиналып.
Безбүйрек әлемнен сытылып шықты әйтеуір
Назерке – мың тағдырдың біреуі...