Тозаққа дейін... бір ғана қадам,
Жарық іздеймін... сұраймын аспаннан.
Расында... ағып жатқан жұлдыздар,
Оның жанарынан... аққан тамшылар.
Өліп қалған... президенттері АҚШтың,
Бақыт бермеді жүрегіне ақша тапқыштың.
Ол біледі шынайы махаббаттың құнын,
Сондықтан толтырып жүреді қалталарын.
Ащы су тәтті түнге жетелейтін жол,
Қызған соң белден төменге кетеді қол.
Ақырын олар бір-біріне жақындады,
Сүйіседі аузында темекінің дәмі.
Қателеспе бұл ару жезөкше емес,
Бірақта «першіте» депте атауға келмес.
Ол мен сияқты өртенген қаланың тұрғыны,
Өмірі қызық бірақта жүрегі жұпыны.
Қайырмасы:
Ақымақ сормаңдаймыз,
Бақытты таба алмаймыз.
Табамыз жарылғанда,
Күн деп аталған жұлдыз.
Ақымақ сормаңдаймыз,
Барды бағаламаймыз.
Сөнеді ғой бір күні,
Күн деп аталған жұлдыз.
Жалынға... құя бермеші жанармай,
Жалынба... жатсада сені аямай.
Өрте хаттарды барлық суреттерді,
Жой қарғыс атқыр естеліктерді.
Алматы әліде жанып жатыр лапылдап,
Оның күлкісі әлі естіледі қарқылдап.
Ғұламалар жан-жақтан жатқанда жамырап,
Шаңырақ баяғыда қалды қаңырап.
Аппақ қарды қызылға бояған Виктор Цой,
Үміттенді ме екен бір күні болады деп той?
Жылай бер, бірақта асыр салып биле,
Қан сорғалаған жарақатыңды біте.
Бетіме үрлейсің темекінің түтінін,
Өзіне тартады қып-қызыл еріндерің.
Қазақ болып кірістік француздар ісіне,
Темекінің дәмі сезіледі тіліңнен...