Ғұмырымның жартысы өтіп барады жолда,
Алтынның қадірі жоқ болғанында қолда.
Сен келеді деп жинамаймын пәтерімді,
Ерніммен сүртем аққан ащы теріңді.
Алысамыз кереуетімде,
Вискидің дәмі сезіледі тіліңнен.
Сенің жүрегің мен үшін мәңгі құпия,
Тыңдармандарға өмірім қызық хикая.
Бейбітшілікті қалаған жауынгер болмайд,
Жүрегі жараланбаған шынайы сүйе алмайд.
Жымиып күлімдеші маған,
Сыйлайын сезімімді тазалығы қалмаған.
Ескі суреттерге қараймын,
Онда шынайы күліп қолымды бұлғаймын.
Ал қазір суретке түсуді қаламаймын,
Себебі кадрде жалғыз болғанды ұнатпаймын.
Қайырмасы:
Мені енді қорқытпайды,
Мына қыстың ызғары.
Алматы мені мәңгілік
Құрсауынан босатпайды.
Бақыттың қадірін білмеймін,
Себебі мені сүйген адамды мен сүймеймін.
Менің Алматым бүгін тұманды,
Сенің күлкің уақытша жояды күмәнді.
Бәрі менің есімде,
Бұл уақытша қуануға әлі ерте.
Бұл махаббат па әлде ессіздік?
Бір сағат сөйлессек қырық минуты үнсіздік.
Өмір еркелетпейді ұзақ,
Қирайды армандар егер нақты жоспарлар құрсақ.
Сөнген ошақ, әлсін жанады шоқтар,
Жеңілседе жауынгер қолынан түспейді шоқпар.
Қатігездікпен қорғанады әлсіздер,
Бақытты ғана бақыттырақ болуды көздер.
Ал біздер ағысқа мойынсұнып,
Өзгеден талап етеміз жаны болғанын тұнық.