Қайрат Нұртас
Текст

Жүрегімді махаббатың өртесін

Қайрат Нұртас

Оцените песню: Голос вверх 116 Голос вниз 2

98%
2%
Жүрегіме сұлу сезім еккенсің
Сағынышым самал болып жеткенсің
Қоңыр күзде жүрегімді бүр жарған
Бақытымсың, көктемсін
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір
Періштемсің жүрегіме төккен нұр
Жүрегімнің ғашық үнін жеткізер
Бір өзіңе ұсынамын көктем гүл
Махаббаттың күй-әуенін шертесің
Ән-әлемге бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді махаббатың өртесін.
 
Сағынышым аппақ күнім әдемім
Селт еткізген жаухар жүрек әлемін
Жәудіреген жанарың мен жанымды
Баурап алған ән едің
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір
Періштемсің жүрегіме төккен нұр
Жүрегімнің ғашық үнін жеткізер
Бір өзіңе ұсынамын көктем гүл
Махаббаттың күй әуенін шертесің
Ән-әлемге бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді махаббатың өртесін.
 
Көңілімде күмбірлетіп күй түрлі
Ұрлап алдың әз күлкім мен ұйқымды
Бар әлемнің қызғалдағын жайсам да
Сендей болмас сүйкімді
Махаббаттың күй-әуенін шертесің
Ән-әлемге бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді махаббатың өртесін.