Сені көріп есім кетті
Өмірім де өзгерді.
Өміріме керек емес
Сенен басқа өзге енді.
Жүрегіңнен бір орын бер
Тынышталсын жүрегім.
Гүлдей сезім бір жүректе
Бір үн жарар кез келді.
Қайырмасы:
Жүрегіңнен бір орын бер
Бір орын бер бос болса.
Мекендейін сол орынды
Тағдыр бізді қосқанша.
Өміріңнен бір орын бер
Бір орын бер бұл өмір
Екеумізге құшақ жаяр
Күнді күтіп тосқанша.
Сен жұмбақсың, мен ғашықпын
Менің сырым белгілі.
Сен қымбатсың, жауабың да
Қымбат маған ендігі.
Жүрегіңнен бір орын бер
Мәңгілікке өтінем
Бір жүректе өмір сүру
Қос жүректің ерлігі.
Қайырмасы:
Жүрегіңнен бір орын бер
Бір орын бер бос болса.
Мекендейтін сол орынды
Тағдыр бізді қосқанша.
Өміріңнен бір орын бер
Бір орын бер бұл өмір
Екеумізге құшақ жаяр
Күнді күтіп тосқанша.