Қайрат Нұртас
Текст

Алматы түні

Қайрат Нұртас

Оцените песню: Голос вверх 303 Голос вниз 10

97%
3%
Ажарлы көркің сұлу жаным,
Бір көріп ұнап қалдың.
Жүрегім сезген жылу барын,
Бір көріп сыр ақтардым.
 
Тайдырды жүзің ұяң жаным,
Қолы да дірілдейді.
Алматының түнін қиялдадым,
Бақытты күнімдегі.
 
Алматының түндері-ай,
Махаббатың мәңгі аралындай.
Алматының түндері-ай,
Аралайық бірге маралым-ай.
 
Сыңғырлап күлкің қалды менің
Елестеп құлағыма.
Қылығың баурап алды сенің,
Баладым сыңарыма.
 
Шынайы сезім жанды мөлдір
Көзіңнің шырағында.
Сағынып салсам әнді жаным,
Елесің тұрады ма?
 
Алматының түндері-ай,
Алатаудың салқын самалындай.
Алматының түндері-ай,
Ұйқымды ұрлап сен алатындай (2х)