Қайрат Нұртас
Текст

Туған күн

Қайрат Нұртас

Оцените песню: Голос вверх 1263 Голос вниз 59

96%
4%
Жас қосылып, соңында жыл мен ай қалар
Ақ тілекпенен басыңа бақыт байланар
Құшақ толып гүлге, жақындармен бірге
Әр жыл сайын тойланар
Қызық сауық сайран, көңіл шат мәз мейрам
Мерекеге бұл күн айналар
 
Бүгін бүгін бүгін
Сенің туған күнің
Зор денсаулық тілеймін
Бақытты өмір сүргін
Жанында болсын деймін
Ажар көңіл серін жан серігін
Бүгін бүгін бүгін
Сенің туған күнің
Аман болсын ата-анаң
Тарту еткен ғұмыр
Әр күніне жаратқан
Төксін шуақ нұрын
Ойнап күлгін
 
Толқын тасып қуаныш кернеп тұр жанын
Арасында дос, жарын, туыс, туғанын
Ән мен жыры, биі, жылы сөз бен сыйы
Кіргізер сәнін думанның
Есіңнен кетпейтін еш нәрсе жетпейтін
Ең бақытты күн туған күн
 
Бүгін бүгін бүгін
Сенің туған күнің
Зор денсаулық тілеймін
Бақытты өмір сүргін
Жанында болсын деймін
Ажар көңіл серін жан серігін
 
Бүгін бүгін бүгін
Сенің туған күнің
Аман болсын ата-анаң
Тарту еткен ғұмыр
Әр күніне жаратқан
Төксін шуақ нұрын
Ойнап күлгін