Сені есіме алмадым,
Мені кешіре алмадың.
Дейсің несіне алдадың,
Тек үнсіз жанарыңменен.
Кеттің асығып жырақ,
Жаңбыр қосылып жылап.
Қалдым кешірім сұрап, әніммен.
Жүрегіңді ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладың,
Жанарыңның жасы болып, жасы болып құладым.
Жүрегіңді ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладың,
Жүрегіңді жұбатуға арналады бұл әнім.
Өмір сынағанымен,
Сынға құламадым мен.
Сендей жылағаныммен,
Болмасын дедім, сағым.
Қайтып оралмасаң да,
Түс боп келе алмасаң да.
Ашық саған қашан да, құшағым.
Жүрегіңді ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладың,
Жанарыңның жасы болып, жасы болып құладым.
Жүрегіңді ұстап тұрып, ұстап тұрып жыладың,
Жүрегіңді жұбатуға арналады бұл әнім.