Күзде күрсініп жатқандай дала
Қысты қымтанып түрге енер жаңа
Көктем су толы сайменен сала
Жаздай қырды асып ойнайды бала
[Қайырмасы]
Сонынмен ұнайсын маған
Төгілген күн-айсын маған
Аққумен қаздың көші
Қарауға мәжбүрлеші
Нұрынды төк
Жаздың кеші
Күзде сағыныш сап-сары бояу
Қыста елендеп ел жұртым ояу
Көктем келетін шаттығым таяу
Жазда сүйгенім қасымда жаяу
[Қайырмасы]
Сонынмен ұнайсын маған
Төгілген күн-айсын маған
Аққумен қаздың көші
Қарауға мәжбүрлеші
Нұрынды төк
Жаздың кеші
Күзде көрініп айналам солғын
Қыста қақарлы қаңтарға тондым
Көктем тасыдым, толқыдым, толдым
Жазда достармен жағасы көлдің
[Қайырмасы]
Сонынмен ұнайсын маған
Төгілген күн-айсын маған
Аққумен қаздың көші
Қарауға мәжбүрлеші
Нұрынды төк
Жаздың кеші
Жаздың кеші