Көтерілсе көк тұманның желкені
Бұлың, бұлың бұлт басады өлкені
Бұлың, бұлың бұлт басады еңсені
Бұрыңғыдан жақсы көрем мен сені
Тұман, тұман, тұмандай тұмшалаған жүрегімде күмəндəй,
Сен де адасып жүрме екенсің өмірде,
Қалың тұман арасынан шыға алмай
Тұман, тұман, тұманды күн жылайды
Мұнар, мұнар жер мен аспан мұңайды
Жаным сені аңсап аңсап кеткенде
Маған осы тұманды күн ұнайды
Тұман, тұман, тұмандай тұмшалаған жүрегімде күмəндəй,
Сен де адасып жүрме екенсің өмірде,
Қалың тұман арасынан шыға алмай