1. Арманыңа асығасың,
Тасынасың басыласың.
Әр адамның жайы осылай,
Кімнен нені жасырасың?
Қайырмасы:
Өмір, өмір өмір деген,
Кімге бақыт,кімге қайғы.
Кейде гүлдеп көңіл деген,
Кейде ойыңда мұң қалмайды.
2. Бұл өмірдің сынағы көп,
шыда бірақ,шыда жүрек.
Ертеңінен күдер үзбе,
Жаным бүгін жылады деп.
Қайырмасы:
Өмір, өмір өмір деген,
Кімге бақыт,кімге қайғы.
Кейде гүлдеп көңіл деген,
Кейде ойыңда мұң қалмайды.
3. Уақыт сені тыңдамайды,
Қабағыңа уім қарайды.
Жігері мол адам ғана,
Көре алады күнді арайлы.