Бейнеңнің тек елесі мен
Аралап ақ айдынды
Жібектей өлең есіп ем
Серік қып талай мұңды
Көңілдің терезесінен
Сығалап арай күлкі
Өмірдің жеребесінен
Жолымыз қақ айырылды
қайырмасы:
Сен барда ұмытқандаймын
Өмірдің бар қайғысын
Жанымды жылытқандаймын
Кетсеңде шалғай құсым
Сағымға бастап барады
Сезімім сол шақтағы
Жанардан жас боп тамады
Сағыныш моншақтары
Жанымды жылытпаймын ба
Қоштастық шіркін неден
Сен жалғыз жүріп қайғырма
Бар кінә мүмкін менен
Мен сені ұмытпаймын да
Жаныңа бір күн келем
Сезімді құлыптаймын да
Қолыңа кілтін берем