Арманыңа асығасың
Тасыласың басыласың
Әр адамның жайы осылай
Кімнен нені жасырасың
[Қайырмасы:]
Өмір, өмір, өмір деген
Кімге бақыт кімге қайғы
Кейде гүлдеп көңіл деген
Кейде ойды мұң қамайды
Бұл өмірдің сынағы көп
Шыда бірақ шыда жүрек
Ертеңінен күтер үзбе
Жаным бүгін жылады деп
[Қайырмасы:]
Уақыт сені тыңдамайды
Қабағыңа кім қарайды
Жігерің ол адам ғана
Көре алады күнді арайлы