Баурап сен алдың жан еркімді,
Көңілім айтшы қалар кімді.
Белгісіз бұл күйге түсіріп,
Қапада қалдырдың сен мені.
Қайырмасы:
Айтшы кімді қаладың, кімді?
Қинамашы сен жан дертіңді.
Қайыңдай бұралып майысқан,
Сұлуым айтшы кімді, кімді?
Дидарың көркем, ашық маңдай,
Қарай берем көзімді алмай.
Тек түсінші сүйемін сені
Арманымсың менің еңселі.
Қайырмасы: х2