Білгенсің бәрін білгенсің
Қасымда қимай жүргенсің
Жүрекке өтпей сөздерің
Бағында жүріп өзгенің
Қиын-ау бақыт сезгенің
[Қайырмасы:]
Жүректе сенсіз қара бұлт
Есіме жиі аламын
Қайталап келмес сол бір күн
Елес болып қалды-ау
Көз алдымда жанарың
Қоштасқан сәтте жанардың
Тамшысын мөлдір қададың
Бұлыңғыр болып елесің
Адымдап маған келесің
Жаныңның құшып егесін
[Қайырмасы:]
Жүректе сенсіз қара бұлт
Есіме жиі аламын
Қайталап келмес сол бір күн
Елес болып қалды-ау
Көз алдымда жанарың