Қайрат Нұртас
Текст

Бәріде бекер

Қайрат Нұртас

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
 
 
Бір жұлдыз сен деп ағып өтер.
Бір ғұмыр өзін тәрік етер.
Екеуміз бірге болмағаннан соң.
Бақыттың маған бәріде бекер.
Күз өтіп көктем тағы жетер.
Аққулар әнін салып өтер.
Екеуміз бірге жүрмегеннен соң.
Бақыттың маған бәріде бекер.
 
[Қайырмасы:] 
Үмітсіз жүріп ұмыта алмаймын.
Ұмытқым келіп үміт арнаймын.
Жанымды енді жалғанда мынау.
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың.
Жанымды енді жалғанда мынау.
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың.
 
Жаныңа сенің мәлім етер.
Жасылдай көкті жарып өтер.
Жүректің қайтем махаббатын.
Жүрмесек бірге бәріде бекер.
Атады жаздың таңы бекер.
Жауады қыстың қары бекер.
Екеуміз бірге көрмегеннен соң.
Бәріде бекер,бәріде бекер.
 
[Қайырмасы:]
Үмітсіз жүріп ұмыта алмаймын.
Ұмытқым келіп үміт арнаймын.
Жанымды енді жалғанда мынау.
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың.
Жанымды енді жалғанда мынау.
Жалғыз-ақ сенің жылытар қайғың.