Зор бақытқа кім ие
Қиял қадам нұсқайды
Қызыл жасыл дүние
Бағдаршамға ұқсайды
Баяласаң бекерде
Еңсең түсіп басылма
Арманыма жетем деп
Жылдамдықты асырма
Кешірмейтін алдансаң өмір деген бағдаршам
Сабыр сақта бауырым қызыл түсті аңғарсаң
Бәріде өз қолыңда кейде шамаң келмейді
Сенің өмір жолыңда жасыл жана бермейді
Мұны қалай жоқ дерсің
Пенде іштей өкпелеу
Сәттіліктер көп болсын
Жасыл түске төк келер
Бос қиялдың соңында
Әуре болып сабылма
Мақсатыңның жолында
Бағдаршамнан жаңылма