Адамға сүйген жары жақын екен,
Қосылса екі жүрек мақұл екен.
Сен жүрсең көз алдымда асыл сәулем,
Өмірім мәңгі өшпес асыл екен.
Қайырмасы:
Мөп-мөлдір таңғы шықтай
Асылым, жан-сәулем
Сүйгенім бір өзіңсің
Ғашығым, жан сәулем.
Мәңгілік бақыт болып жаралдың ба?
Мөп-мөлдір сезімімнен нәр алдың ба?
Жүрмесең сен жаным асыл сәулем
Мен сірә жан рақатын таба алдым ба?
Қайырмасы:
Сағынған сағынышым
Асылым жаным сәулем
Сүйгенім бір өзінсің
Ғашығым, жан сәулем.
Сүйгенім бір өзінсің
Ғашығым, жан сәулем.