Бұл өмірде көркем іздегенім сен бе едің
Қызғалдақ қыз еркем қаладан келген.
Сен келгелі елге тағат қалмай менде,
Барамын да тұрам өзің бар жерге.
Қайырмасы:
Қалалық қалқам-ай аулым
Жүректен сен жай алдың.
Сені ойлап көз ілмей түндерде
Сен деп ояндым.
Алысқа ұзама жанымнан,
Жыраққа кетпе ауылдан.
Шықпасаң күлімдеп алдымнан,
Жаным, сағымнам.
Жіберген тағдырдың сен бедің ғажабы,
Өзіңмен ауылдың кірді-ау ажары.
Бауырыңды бас енді сен дархан далама
Жібермейміз сені қайта қалаңа.
Қайырмасы:
Шықпайсың көшеге өтеміз нешемей
Үміт жанса қалай солай өше ме?
Қандай әсем үнің, жайыл осында гүлім
Бақыт бар бізде де, ауылда күнім.
Қайырмасы: