Айгерім Мамырова
Текст

Кестелі орамал

Айгерім Мамырова

Оцените песню: Голос вверх 26 Голос вниз 3

90%
10%
Алтын жіппен салынса кестелері
Ойламаған боларсың ештеңені
Көргеніңде кестелі орамалды
Сері жігіт аларсың еске мені
 
Қоштасарда сыйладым ақ орамал-ай
Сері жігіт ауылыма тағы оралар-ай
Кестеленген орамал - жүрек лүпілі
Ақ орамал қыз үшін - бақ орамал-ай
Кестеленген орамал - жүрек лүпілі
Ақ орамал қыз үшін - бақ орамал-ай
 
Ақ орамал айтатын әнім болса
Арман бар ма өзіңдей жарым болса
Басыма да тартылар қолыңдағы-ай
Мен сыйлаған орамал бағым болса
 
Қоштасарда сыйладым ақ орамал-ай
Сері жігіт ауылыма тағы оралар-ай
Кестеленген орамал - жүрек лүпілі
Ақ орамал қыз үшін - бақ орамал-ай
Кестеленген орамал - жүрек лүпілі
Ақ орамал қыз үшін - бақ орамал-ай
 
Ойлап сені ғажапқа бөленемін
Не десеңде бәріне сенер едім
Қолыңа алып мен берген орамалды-ай
Сүйген болсаң серім-ау келер едің
 
Қоштасарда сыйладым ақ орамал-ай
Сері жігіт ауылыма тағы оралар-ай
Кестеленген орамал - жүрек лүпілі
Ақ орамал қыз үшін - бақ орамал-ай
 
Қоштасарда сыйладым ақ орамал-ай
Сері жігіт ауылыма тағы оралар-ай
Кестеленген орамал - жүрек лүпілі
Ақ орамал қыз үшін - бақ орамал-ай
Кестеленген орамал - жүрек лүпілі
Ақ орамал қыз үшін - бақ орамал-ай