Сырымды өздеріңе ақтарамын
Ешқашан кірлетпеген аппақ арын.
Ақжанмен Зерелердің сынағындай
Қазақтың қыздарымен мақтанамын
 
Қайырмасы
Қазақ қызы құрметке лайықтысың.
Қазақ қызы байсалды байыптысың.
Қазақ қызын аялап алақанда
Бағалайды ай алмасаң айыптысың
Сен бақытқа лайықтысың
 
Қарсы алып шаттықты ғажапты күн
Көргендер бұл өмірдің азап мұңын
Ешкімде бағаламас аямас
Қазақтың жігітіндей қазақ қызы
 
Қайырмасы
Қазақ қызы құрметке лайықтысың.
Қазақ қызы байсалды байыптысың.
Қазақ қызын аялап алақанда
Бағалайды ай алмасаң айыптысың
Сен бақытқа лайықтысың