Аласырғанын жүректің неге көрмейсің
Жарасын жанның жылы сөзіңмен емдейсің
Сағынып жүрмін білемін іздеп келмейсің
Сағынсаң егер бір хабарыңды бергейсің
Хат жазшы маған, білдіріп амандығыңды
Хат жазшы маған сездіріп адалдығыңды
Ойлаймын жүр деп сезіммен маған бұрынғы
Сол үшін әнмен айтамын саған мұңымды
Сол үшін әнмен айтамын саған мұңымды
Жалт қарататын атаса біреу атыңды
Қайтейін енді мазасыз махаббатымды
Есімде әлі еркелеткенің ботам деп
Алаңдап жүрмін күтумен сенің хатыңды
Хат жазшы маған, білдіріп амандығыңды
Хат жазшы маған сездіріп адалдығыңды
Ойлаймын жүр деп сезіммен маған бұрынғы
Сол үшін әнмен айтамын саған мұңымды
Сол үшін әнмен айтамын саған мұңымды
Хат жазшы маған, білдіріп амандығыңды
Хат жазшы маған сездіріп адалдығыңды
Ойлаймын жүр деп сезіммен маған бұрынғы
Сол үшін әнмен айтамын саған мұңымды
Сол үшін әнмен айтамын саған мұңымды
Хат жазшы маған