Саған ән арнайын деп ақ қанатты,
Тағыда шимайладым ақ парақты.
Сені ойлап жұлдызды түн құшағында,
Тағы бір ақ тамақты ақ таң атты.
Назды үнің ән боп кейде, жыр боп кейде,
Есімнен бір кетпейді, бір кетпейді.
Мендегі сағынышты бейнелеуге,
Дәриға-ай тіл жетпейді тіл жетпейді.
Жаным-ау! білесің бе, бұл жүрегім,
Сан өрді сағыныштан мұң жібегін.
Айланып келіп тұрған, бейне сендей,
Ай қағып тереземді тұрды менің.
Назды үнің ән боп кейде, жыр боп кейде,
Есімнен бір кетпейді, бір кетпейді.
Мендегі сағынышты бейнелеуге,
Дәриға-ай тіл жетпейді тіл жетпейді.
Алауы тәтті үмітім тек өшпеді,
Оны да өзің жаққан емес пе едің.
Ашылса күнделіктің парақтары,
Сен жаққа жетелейді елес мені.
Назды үнің ән болып кейде, жыр болып кейде,
Есімнен бір кетпейді, бір кетпейді.
Мендегі сағынышты бейнелеуге,
Дәриға-ай тіл жетпейді тіл жетпейді.
Мендегі сағынышты бейнелеуге,
Дәриға-ай тіл жетпейді
Дәриға-ай тіл жетпейді тіл жетпейді.