Айгерім Мамырова
Текст

Дей салдым-ай

Айгерім Мамырова

Оцените песню: Голос вверх 7 Голос вниз

100%
0%
Бәсі қымбат базарда бас киімнің,
Мал мен басы өнбейді қаскүнемнің, дей салдым-ай,
Өлең даусын сағынып жүргенімде,
Дауысы қайдан шығады қос күреңнің, дей салдым-ай.
 
Айналайын қарағым,
Ауылыңа барамын.
Е-ей! Екеуіңе.
 
Үкілі кер байладым жетегіңе, дей салдым-ай.
Жай бұраң бел, жаутаң көз,
Жайды білсең, айтам сөз.
Е-ей! Екеуіңе,
Үкілі кер байладым жетегіңе, дей салдым-ай.
 
Дәм татайық бұйырса, шәй қайнаса.
Еті қызар шын жүйрік айқайласа, дей салдым-ай.
Оралыңның барында ойна да күл.
Не болады жас жігіт қайғы ойласа, дей салдым-ай.
 
Айналайын қарағым,
Ауылыңа барамын.
Е-ей! Екеуіңе.