Қызым менің балапаным бал тілім
Жүзің сенің арайланған алтын күн
Қиялына қанат біткен шақтарда
Аспандағы айды алам деп талпындын
Қолым қысқа әперем сол айды
Әттең оны сәті келмес орайлы
Саған ғана бағындырып қояр ем
Мынау әлем болса мағана қолайлы
қайырмасы:
Қылығынмен құлпыртасын уақытты
Сенең артық таба алам ба жақұтты
Осы жолды адал басып бойжетсең
Әкең сенің ғұмыр бойы бақытты
Ол менің кішкентай ғана ақылшым
Тал шыбықтай өсіп келе жатырсын
Әкесіне жақын дейді қыздарды
Ал сен маған жақыннан да жақынсың
Көздеріңнен өмір көрем мен ертегі
Балалықтың тәтті күйін шертеді
Қылдай нәзік тағдырынның жолында
Бақытынның жығылмасын желкені
Армандасаң ажарланып тұр кейпін
Үмітмнің отын сен үрлейтін
Сенің балдай балалығын қымбат қой
Ертегідей өмір жолын білмейтін
қайырмасы:
Қылығынмен құлпыртасын уақытты
Сенең артық таба алам ба жақұтты
Осы жолды адал басып бойжетсең
Әкең сенің ғұмыр бойы бақытты
Ол менің кішкентай ғана ақылшым
Тал шыбықтай өсіп келе жатырсын
Әкесіне жақын дейді қыздарды
Ал сен маған жақыннан да жақынсың