Заттыбек Көпбосынұлы
Текст

Немерем

Заттыбек Көпбосынұлы

Оцените песню: Голос вверх 575 Голос вниз 20

97%
3%
1. Сен қосылып немерем
Кеңейді ғой керегем
Әттең қолдан келмейді
Айды алып берер ем.2
 
Қ-сы
Саған терді төгер ем
Бар нәрсемді берер ем
Оның бәрін аз десең
Жан беруге көнер ем
Сен аман бол немерем.
 
2. Ұрлап жатыр күн-түнді
Көп күттім мен бұл күнді 
Еш нәрсеге кимаймын 
Сенің таза күлкіңді.2
 
3. Жатыр күлкің жаңғырып
Жұртты естен таңдырып
Балғын тілім жүр менің 
Мейрімімді қандырып.2
 
4. Әжеңді де жұбаттың 
Қайғымызды уаттың
Қартайғанда атаңды
Жас баладай қуанттың.