Заттыбек Көпбосынұлы
Текст

Динара

Заттыбек Көпбосынұлы

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз

100%
0%
Ауылға келгендерді сыйлағанбыз
Кетерде бауыр басып қимағанбыз
Сол жылы әпкесіне қонақ болып
Қаладан келді ауылға Динара қыз
Сол жылы әпкесіне қонақ болып
Қаладан келді ауылға Динара қыз
Жарқырап жүруші еді сылаң күліп
Жүректе тербеткендей үкілі үміт
Он алты он жеті мен он сегіз жас
Сол қызға ғашық еді бүкіл жігіт
Он алты он жеті мен он сегіз жас
Сол қызға ғашық еді бүкіл жігіт
 
Оу Динара қыз-ау, Динара қыз
Кешкісін үй жағына жиналамыз
Динара қыз-ау, Динара қыз
Өзіңе сөз айталмай қиналамыз
 
Жүректен сол қыз үшін күй тарады
Алты шек ие қанып гитараның
Ауылда көп болғанмен аттастары
Бітімі бөлек еді Динараның
Ауылда көп болғанмен аттастары
Бітімі бөлек еді Динараның
Көңілге жылы шуақ сыйлаған қыз
Көрінбей көптен бері қинаған қыз
Келуің келер жазда күтіп жүрсек
Қалаға келін бопты Динарамыз
Келуің келер жазда күтіп жүрсек
Қалаға келін бопты Динарамыз
 
Оу Динара қыз-ау, Динара қыз
Сені ойлап, үйімізге сыймағанбыз
Динара қыз-ау, Динара қыз
Өзіңді біз ешкімге қимағанбыз
 
Оу Динара қыз-ау, Динара қыз
Кешкісін үй жағына жиналамыз
Динара қыз-ау, Динара қыз
Өзіңе сөз айталмай қиналамыз
Оу Динара қыз-ау, Динара қыз
Сені ойлап, үйімізге сыймағанбыз
Динара қыз-ау, Динара қыз
Өзіңді біз ешкімге қимағанбыз