Заттыбек Көпбосынұлы
Текст

Ауылға кеткім келіп тұрады

Заттыбек Көпбосынұлы

Оцените песню: Голос вверх 44 Голос вниз 4

92%
8%
Қырында жайлап елік-құланы,
Басылмас жанның көріп құмары.
Өрістен қайтқан төл дауысын аңсап,
Ауылға кеткім келіп тұрады.
 
Қайырмасы:
Жайнаған гүлің,
Айналаң нұрын төгіп тұрады.
Беріліп күйге, сағынсам кейде,
Ауылға кеткім келіп тұрады.
Сағынтса көлім, қалт етсе қолым,
Ауылға кеткім келіп тұрады.
 
Самал бір желі желік қылады,
Санамды ауыл жеңіп тұр әлі.
Ән салған кештер есіме түссе,
Ауылға кеткім келіп тұрады.
 
Қайырмасы:
Жайнаған гүлің,
Айналаң нұрын төгіп тұрады.
Беріліп күйге, сағынсам кейде,
Ауылға кеткім келіп тұрады.
Сағынтса көлім, қалт етсе қолым,
Ауылға кеткім келіп тұрады.
 
Жанымның мәңгі болып құмары,
Бірлігі елдің берік тұр әлі.
Қалада қанша сауық құрғанмен,
Ауылға кеткім келіп тұрады.
 
Қайырмасы:
Жайнаған гүлің,
Айналаң нұрын төгіп тұрады.
Беріліп күйге, сағынсам кейде,
Ауылға кеткім келіп тұрады.
Сағынтса көлім, қалт етсе қолым,
Ауылға кеткім келіп тұрады.