Сырым Исабаев
Текст

Ақ шынарым

Сырым Исабаев

Оцените песню: Голос вверх 1 Голос вниз

100%
0%
Ақ шынарым сен
Адасып жолыққан айыпты шақтым
Дертіңнен дауасыз айықпастан
Орандым орман ойға
 
Жұмбағымсың сен
Қиялмен жасап ап Жайықты қолдан
Сені іздеп теңізге қайық салған
Қалдырдың мені қайда?
 
Қ-сы
Өтсе де көктем, күз
Өзгеше өткелміз
Біз көпір еткенбіз Махаббаттың
Адалдығын
Солай-ау шамасы
Жазмаштың шарасы
Тағдырдың қарашы қоспағанын
Саған гүлім, Ақ шынарым
 
Ұмытшы дейсің
Ұмыта қоятын һәл дедің бе мен?
Жоғалтып алғандай әл денемді
Арманым таңға асатын
 
Түсінші дейсің
Толқынмен жүзбейді бұл уақыт кеме
Бір мұң бір қуаныш бақыт деген
Ай күндей алмасатын