Сырым Исабаев
Текст

Алдадың

Сырым Исабаев

Оцените песню: Голос вверх 32 Голос вниз 2

94%
6%
Кеш білдік пе екеуміз сезімнің тәтті күндерін
Естелікке айналып кетерін, әттең, білмедім
Ғашық еткен күліп қарап қарақат көздерің қайда
Сүйем деген жүрегімді жаралап сөздерің қайда
 
Қайырмасы:
Сен мені алдадың, алдадың
Тағы-тағы алдадың
Сезбедім сезімнің, сөзіңнің
Бәрі-бәрі жалғанын
Жүрегім бір сен деп дүрсілдеп
Ешбір көнбейтін маған
Біле жүр, сенбейді, сенбейді
Енді сенбейді саған
Жүрек көнбей тулаған
Енді сенбейді саған
Саған
 
Құшағына өзгенің, не дейін, күліп құладың
Сенде бәлкім өткеннің, мен дейін, ұмыттың бәрін
Сағындырып күндер батты, сенсіз атты таңдар қаншама
Сүйемін деп тағы да айтшы, тағы да айтшы, жалған болса да
 
Қайырмасы:
Сен мені алдадың, алдадың
Тағы-тағы алдадың
Сезбедім сезімнің, сөзіңнің
Бәрі-бәрі жалғанын
Жүрегім бір сен деп дүрсілдеп
Ешбір көнбейтін маған
Біле жүр, сенбейді, сенбейді
Енді сенбейді саған
Жүрек көнбей тулаған
Енді сенбейді саған
Саған