Сырым Исабаев
Текст

Неге солай

Сырым Исабаев

Оцените песню: Голос вверх 123 Голос вниз 10

92%
8%
Бір белгі үшін осы әнімді сыйладым.
Әттең, сені басқа жанга қимадым
Балбыраған жас сабидин жүзіңдей,
Көз алдымда тұрар сенің дидарың.
 
Қайырмасы:
Ойлаймын мен жаным жалғыз жатқанда,
Ойлаймын мен оңаша бір шақтарда,
Неге солай жаратты екен адамды?
Айтшы, жаным, махаббатта шек бар ма?
 
Бір өмір ме, бір ай ма әлде, бір апта
Сен де мені ұмытарсың бірақ та
Бір-біріне ұмтылады неге адам
Жауап іздеп жүрмін осы сұраққа.
 
Қайырмасы:
Ойлаймын мен жаным жалғыз жатқанда,
Ойлаймын мен оңаша бір шақтарда,
Неге солай жаратты екен адамды?
Айтшы, жаным, махаббатта шек бар ма?