Ақ ботам деп елжіреп
Мені қылған ержүрек
Мейірім, нұр сыйлаған
Жан әжем менің
Пейіліңнен айналдым
Мен өзіңмен жайнармын
Садағамсың білемін менің
Жан әжем, немереңмін, тәттімін
Жүрегіме мәңгі сақтармын
Менсіз асың батпайды
Анам бұлай бақпайды
Еңбегіңді қалай ақтармын
Маңдайымнан сүйесің
Шапағатсың, киесің
Ақылдысың, данасың
Жан әжем менің
Арманым жоқ сен барда
Сен де армансыз мен барда
Мені тастап кетпессің, әжем
Жан әжем, немереңмін, тәттімін
Жүрегіме мәңгі сақтармын
Менсіз асың батпайды
Анам бұлай бақпайды
Еңбегіңді қалай ақтармын
Ұмытар деп таусылма
Тіл-көмекей аузында
Шайнап берген дәміңді
Татығам әжем
Баласымын балаңның
Сен қасында анамның
Құдіретсің теңдессіз, әжем
Жан әжем, немереңмін, тәттімін
Жүрегіме мәңгі сақтармын
Менсіз асың батпайды
Анам бұлай бақпайды
Еңбегіңді қалай ақтармын
Менсіз асың батпайды
Анам бұлай бақпайды
Еңбегіңді қалай ақтармын
Еңбегіңді қалай ақтармын