Сейхун тобы
Текст

Арулар

Сейхун тобы

Оцените песню: Голос вверх 2 Голос вниз 1

67%
33%
 
Көздеріңе нұр тұнғандай
Қырда гүлдер құлпырғандай
Қазағымның əрбір қызы
Көркем еді шіркін қандай арулар-ай!
 
Қайырмасы
Ай ай арулар ай әдемі арулар
Өз ұлтыңның қадірін таныңдар
Бар қазаққа бақ болар ұл тауып
Бір қазаққа жар болып қалыңдар
Ай ай арулар ай әдемі арулар
Сіздер барда əнім бар сəнім бар
Қазақ қызын құрметтеп жігіттер
Алақанда аялап салыңдар
 
Арқалаумен ар жүгіңді
Беріп жүрген жан жылуды
Қазақ қызы жүрегіммен
Жақсы көрем барлығыңды арулар-ай
 
Қайырмасы
Ай ай арулар ай әдемі арулар
Өз ұлтыңның қадірін таныңдар
Бар қазаққа бақ болар ұл тауып
Бір қазаққа жар болып қалыңдар
Ай ай арулар ай әдемі арулар
Сіздер барда əнім бар сəнім бар
Қазақ қызын құрметтеп жігіттер
Алақанда аялап салыңдар