Сейхун тобы
Текст

Ең әдемі

Сейхун тобы

Оцените песню: Голос вверх 4 Голос вниз

100%
0%
Көктем келіп қыс кеткенде құзырда
Сұлулықтың сырын алар бұзылған
Ең әдемі әжелердің әжімі
Әр ботасын әлпештеумен сызылған
 
Оны ойласам жарылардай от кеуде
Тіршілікте қасірет жоқ, жоқ деуде
Аналардың әлдилеуі ғой әдемі
Құлындарым деп түн ұйқысын төрт бөлген
 
Сабырымен саралаған сыйды айқын
Сәл мұңайсам жігеріңді жинайтын
Әдемілік ақылы ғой әкеңнің
Ұрыссада жамандыққа қимайтын
 
Жүрегімде жылулығын қалдырған
Бүгін қонақ жат отаулық бар бір жан
Қарындасты әдемі деп айтпай көр
Ағатай деп күліп шықса алдыңнан
 
Жалғандағы жалғызым сол ойлы арман
Тіршіліктен отбасым деп айдалған
Асыл жардың ең керегі әдемі
Өміріңнің сәулесіне айналған