Сен асылсың ардағымсың төрдегі сен күнімсің
Аққуымның көлдегі сенсің менің
Әр күнімнің мазмұны сенсің менің
Өмірімнің өрнегі
 
Қайырмасы
Менің жарым абыройлы айбарлым
Менің жаным биіктегі байрағым
Сенсің менің ақ махаббат жайлы әнім
Өзіңменен жадыраймын жайнадым
 
Сен көгімсің көгімдегі жұлдызымсың серімсің
Саған ғашық бір қызбын сенсің жарым
Жаратқанның тартуы арманымыз
Мақсатымыз бір біздің
 
Қайырмасы
Менің жарым абыройлы айбарлым
Менің жаным биіктегі байрағым
Сенсің менің ақ махаббат жайлы әнім
Өзіңменен жадыраймын жайнадым