Ақ көйлегін әдемі жаным
Өте шығар қыз ғұмыр сағым
Жан-жарына аманаттадым
Болмасын деп қабағында мұң
Қайырмасы:
Ақеркем жанеркем
Ұзатып тұр бар өлкең
Балалықпен қоштасасын
Ана атанып әлі ертең
Ұзатамын өзіңді шалғай
Болар екен ғұмырын қандай
Ата-ананңның үмітін ақта
Өнегесін құлатып алмай
Қайырмасы:
Ақеркем жанеркем
Ұзатып тұр бар өлкең
Балалықпен қоштасасын
Ана атанып әлі ертең
Бір Алла өзіңді қолдасын қызым
Өмірде бақ гүлін солмасын қызым
Ұзатылып барасын өскен ұяннан
Самғай ғой қанатын талмасын қызым
Қош аман бол ерке құлыным
Анасы ұстап бұрымын
Сәукеленнен сәуле төгіліп
Құрылады отауын бүгін
Қайырмасы:
Ақеркем жанеркем
Ұзатып тұр бар өлкең
Балалықпен қоштасасын
Ана атанып әлі ерте