Сара Тоқтамысова
Текст

Бара ғой, еліңе

Сара Тоқтамысова

Оцените песню: Голос вверх 20 Голос вниз 1

95%
5%
Ал жаным аттайсың босағаңнан
Қандай күндер өзіңді тосады алдан
Жетелеуге жарың тұр қолын созып
Бақытың да бағың да осы адамнан
 
Бара ғой, бара ғой, бара ғой, өзіңнің еліңе
Келін боп, ана боп
Ақ бесік тербейтін жеріңе
Ақ тілек бақ тілеп өзіңнің теңіңе
Ұзатар сәт келді
Жарқыным сені де
Ұзатар сәт келді
Алтыным сені де
 
Жан жарың болады жанашырың
Кірленбеуін қарап жүр жағасының
Әйелдің бақыты отбасында
Әлемнің тілеймін бар асылын
 
Бара ғой, бара ғой, бара ғой, өзіңнің еліңе
Келін боп, ана боп
Ақ бесік тербейтін жеріңе
Ақ тілек бақ тілеп өзіңнің теңіңе
Ұзатар сәт келді
Жарқыным сені де
Ұзатар сәт келді
Алтыным сені де
 
Айналдым мөп-мөлдір жанарыңнан
Жайдарлы жаз көрінсін қабағыңнан
Аяулы нұры бол барған жердің
Береке кетпесін қадамыңнан
 
Бара ғой, бара ғой, бара ғой, өзіңнің еліңе
Келін боп, ана боп
Ақ бесік тербейтін жеріңе
Ақ тілек бақ тілеп өзіңнің теңіңе
Ұзатар сәт келді
Жарқыным сені де
Ұзатар сәт келді
Алтыным сені де