Роза Әлқожа, Заттыбек Көпбосынұлы
Текст

Арайлым

Роза Әлқожа, Заттыбек Көпбосынұлы

Оцените песню: Голос вверх 22 Голос вниз

100%
0%
Көктеммен келердей бір хабарың
Тізбегін қарсы алдым тырналардың
Қайдасын аяулы асыл еркем
Қадалып жолыңа жүз қарадым
 
[Қайырмасы]
Арайлым-ай арайлым-ай
Мен сені жаныма балаймын-ай
Арайлым-ай арайлым-ай
Келер деп жолыңа қараймын-ай
 
Сезімге мендегі тіл жетпеген
Жайқалған жайдары гүл көктеме
Бақытқа шомылып кетер жаным
Еске алсам күндерді бірге өткерген
 
[Қайырмасы]
Арайлым-ай арайлым-ай
Мен сені жаныма балаймын-ай
Арайлым-ай арайлым-ай
Келер деп жолыңа қараймын-ай
 
Еркелеп айдынға тербетілген
Аумайсын аққудың келбетінен
Аңсатып оралмай көптен бері
Сағынған жүректі шөлдетіп ен
 
[Қайырмасы]
Арайлым-ай арайлым-ай
Мен сені жаныма балаймын-ай
Арайлым-ай арайлым-ай
Келер деп жолыңа қараймын-ай
 
Арайлым-ай арайлым-ай
Мен сені жаныма балаймын-ай
Арайлым-ай арайлым-ай
Келер деп жолыңа қараймын-ай
Мен сені жаныма балаймын-ай