Роза Әлқожа
Текст

Бала, балапан

Роза Әлқожа

Оцените песню: Голос вверх 482 Голос вниз 17

97%
3%
Құлыншағым, құлыным
Балдан тәтті шырыным
Қандай тәтті қылығың
Бала-бала балапан
 
Айналайын тіліңнен
Айналайын түріңнен
Құлбырандап жүгірген
Бала-бала балапан
 
Атасының бұзығы
Әжесінің бұзығы
Біздің үйдің қызығы
Бала-бала балапан
 
Осындай ұл бар ма екен
Осындай қыз бар ма екен
Жаным көкем жан бөпем
Бала-бала балапан
 
Берекесі үйімнің
Мерекесі үйімнің
Кілті көңіл күйімнің
Бала-бала балапан
 
Айналайын көзіңнен
Айналайын сөзіңнен
Кім бар тәтті өзіңнен
Бала-бала балапан
 
Атасының бұзығы
Әжесінің бұзығы
Біздің үйдің қызығы
Бала-бала балапан
 
Осындай ұл бар ма екен
Осындай қыз бар ма екен
Жаным көкем жан бөпем
Бала-бала балапан
 
Шырағысың сенімнің
Құрағысың көлімнің
Қыранысың елімнің
Бала-бала балапан
 
Бар үмітім тірегім
Сен деп соғар жүрегім
Сен деп өмір сүремін
Бала-бала балапан
 
Атасының бұзығы
Әжесінің бұзығы
Біздің үйдің қызығы
Бала-бала балапан
 
Осындай ұл бар ма екен
Осындай қыз бар ма екен
Жаным көкем жан бөпем
Бала-бала балапан
 
Атасының бұзығы
Әжесінің бұзығы
Біздің үйдің қызығы
Бала-бала балапан
 
Осындай ұл бар ма екен
Осындай қыз бар ма екен
Жаным көкем жан бөпем
Бала-бала балапан