Сені тани бастағанымда жоғалдың,
Уақытың басыңдағы бақытыңды тонады.
Мың, мұң ойлар, миыңды орады,
Күз дей қурады көңілің, солай қалады.
Тез кері қайт, келген жағыңа қарай,
Өткеннен айып теріп, өмір сүресің қалай.
Ұзақ емес, шамалы шақырым қалды,
Уақыт уақытыңды талайды, талаңған талайы.
Алды уақыт өзінікін,
Басталды уақыт, түспейтін жүректің көзіне күн.
Басталды түн,
Тым қараңғы....
Қалай ғана, жолымыз біздің бөлек?
Қалай ғана, сыйлаған гүлім өлед(і)?
Қолыңда сақина, үстіңде әппақ көйлек!
Қалай көнед(і), Жүрек?!
Жібердім мен сені, жүрегім қаламасада,
Өткен өмір өлген, сен олай санамасаңда.
Келіспесеңде мейлі, пікіріңді қажет етпейд бұл уақыт,
Қадірін түсініп бәрін бағаласаңда.
Бітті, тоқтады бізге берілген сағат,
Бітті, күтіп өткенді босқа тауыспа тағат.
Үмітің үзілсін болды, үмітіңді үзе алмасаң,
Осы трекпен көмектесейін, саған.
Сана, уақыт ауысты, кәзір бәрі басқа,
Кешегі басқан жерді, бүгін аяғым баспайд.
Кәзір бәрі басқа, мүлде басқа адам,
Басқа адамның басқа өмірі басталған.