Жаздың ыстық күні секілді ыстық едің,
Кәзір қыс секілді, салқын көз қарасың.
Салқындатып екі араны, күнім не істегенің?
Кәзір мен шумақтататын, сөз ғанасың.
Сен сөзсің, басы бар аяғы жоқ,
Таусылмайсың сен, жыр, баяғы сол.
Кешір, мезгілсіз мазаласам,
Өліп қалған өткеннің моласын қазбаласам.
Ия өлді бәрі, әйтеуір арты болсын қайырлы,
Көрсетпе ешкімге, жұт қайғыңды.
Бәрі жақсы болады, мүлде үміт үзбе,
Бақыттан басың айналып жүрсін, алдағы күзде.
Ашылсын бақытыңа жетелейтін есіктер,
Пайда болсын үйлеріңде, тербетілген бесіктер.
Күтіп тұр болашағың, уақыттан кешікпе,
Саған дұға еттім, Мешіттен.
Хабарласып, жылап тұрсың тағыда,
Тұтқаның аржағыңда.
Жұбататын адам жоқпа, жан жағыңда,
Жоқпа, жан жарыңда, жақындарыңда?
Менде болса берер ем
Менде болса келер ем баяғыда.
Саған берерім жоқ,
Уақытыңды зая қылма.
Өткен уақыт өлді, келер уақыт бөлді,
Лақтырып тастады бізді, екі тарапқа.
Жаққан шырақ сөнді, ал мен үндемей көндім,
Қарап қалдым, кетіп бара жатқаныңа.
Бұлттанып кетті - Аспаным,
Құбылып кетті, қас-қағым, айналаның бәрі.
Жап жарық әлем - Тас қараңғы.
Мүмкін емес, өткен шақты бүгінге шақыру,
Емдер едім қасымда болсаң, жаныңның жарасын.
Арамызда - 1700 - шақырым.
Ақтөбе - Тараз.
Хабарласып, жылап тұрсың тағыда,
Тұтқаның аржағыңда.
Жұбататын адам жоқпа, жан жағыңда,
Жоқпа, жан жарыңда, жақындарыңда?
Менде болса берер ем
Менде болса келер ем баяғыда.
Саған берерім жоқ,
Уақытыңды зая қылма.