QARAKESEK
Текст

Арнау

QARAKESEK

Оцените песню: Голос вверх 73 Голос вниз 1

99%
1%
Өкінбейм саған кеткен күн ай жылға
Өткен уақытқа құс сияқты тым жылдам
Өкінбейм болсада көп қателіктер
Не болсада көндім қатты кетпедім
 
Сағанда салқын сыйлаған тағдырға да
Өтседе тесіп қылықтарың қабырғадан
Сабыр сақтай алам сабырым таусылмасын
Біздегі сезім өлгенде беті жабылғанда
 
Өкінбейм мен жалғыз өзің өкіне бер
Саған берген шын сезімімді өлтіре бер
Ия, қатты сүйдім сүйдірді қара көздерің
Сенде мені сүйем дедің сүйіп жүріп өзгені.
 
Бәрі тез басталды тез аяқталды
Жүрегімді жеп тастадың жолықтың қаяқтан
Келдіңде кете бардың дым үндеми
Қоштасып кетуге де бля әлің келмей
 
Ия, бәрі жұмбақ, бірақ жауаптарын табам
Бетпердеңді шешіп көруге жетет шамам
Ия бәрі тәмәм бәлкім ұмытпаспын
Бәлкім ұмытармын бас жағыма қойылғанда құлып тасым
 
Арамызда біздің шақырымдар
Алыстап барам ақырындап
Ұмытып кетем ұмыта алам
Бұл өмір өмірге мақұрымдар
Бітті өткенімнің бәрі артымда
өлі өткеннің бәрі марқұмдар
Айналды бәрі құмға, арты болсын қайырлы
 
Араға уақыт салып, бір күні хауарластың
Дегендей қылып сендей адамды табалмаспын
Сенейінбе, сенейін десем күдік мазалап тұр
Бірақ мойындаймын сағындым саған әлі маспын
 
Ал сенде әлі маска біраз қалыңдаған
Тіліңнен әлі шындықтың дәмі табылмаған
Сөйлеме сөздеріңнің бәрін ішіңе жұт
Сенің үнсіздіктеріңді ғана қабыл алам
 
Қарап тұр сенен жақсырағын тауып алам
Кіре алмайсың жүрегімнің есігін жауып алам
Мағанда табылар бес күн өмірден орын
Жаңа уақытымды бақытымды қағып алам
 
Жетер жететін жеріңе жеткен болсаң
Түсіп қал осы жер сенің аялдамаң
Жетер өтетіні өтіп біткен болса
Менің қасымда бір минутта аялдама
 
Арамызда біздің шақырымдар
Алыстап барам ақырындап
Ұмытып кетем ұмыта алам
Бұл өмір өмірге мақұрымдар
Бітті өткенімнің бәрі артымда
Өлі өткеннің бәрі марқұмдар
Айналды бәрі құмға, арты болсын қайырлы